Текст
5-14 қараша аралығында Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Облыстық дене шынықтыру, спорт және алғашқы әскери дайындығының оқу-әдістемелік орталығының" ұйымдастыруымен жалпы білім беретін орта мектептер оқушыларының арасында қашықтықтан "Спорттық демалыс" атты сайыс өтті. Сайыс қорытындысы бойынша біздің мектептің 9-11 сыныптың ер балалар командасы II орынды, ал қыз балалар командасы III орынды иеленді. Жетекшісі дене шынықтыру пәні мұғалімі Раимов Расул Сардарович.
Жас спортшыларымызды құттықтаймыз!!!