Текст
Ұсақ қол моторикасы термині саусақтар қозғалысы және қолдың буындарын үйлестіру дегенді білдіреді. Яғни, бала қозғалысы дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек. Қолдан ұсақ-түйек заттарды жасау балалардың ең жақсы көретін шығармашылық жұмыстары. Мұндай жұмыс балалардың қиялдарын, ойлары мен бармақтарының ұсақ моторикасын дамытады. Кенетикалық күммен ойындар арқылы балалардың тілдік сөйлеу байланысы жақсарады, балалардың танымдық және сөйлеу іс-әрекеттеріне деген қызығушылығын арттырады. Нәтижесінде балалардың тілі, қимыл – қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамиды.