2025 жылғы 15 мамырда Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледждің агротехникалық бөлімінің базасында алғаш рет 9-сынып оқушылары арасында «World Skills Junior: мектеп оқушыларының кәсіби жетістіктері» атты кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға Бозайғыр ауылының жалпы орта мектебінің оқушылары «Аспаздық ісі» құзыреттілігі бойынша қатысты.
Байқаудың мақсаты — мектеп оқушыларының кәсіби бағдар беру жүйесін жетілдіру, кәсіби дағдыларын дамытуға жағдай жасау және шынайы жұмыс ортасымен таныстыру.
Байқау барысында қатысушылар аспаз мамандығының ерекшеліктерімен танысып қана қоймай, салат пен десертті өз қолдарымен дайындады. Бұл олар үшін қызықты, танымдық әрі шабыттандыратын тәжірибе болды. Оқушылар байқауға үлкен ынтамен қатысып, өз іскерлігі мен шығармашылығын, сондай-ақ іске деген жауапкершілігін көрсете білді.
Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
1-орынды — Амангелді Айымжан,
3-орынды — Бейбіт Әнел иеленді.
Сіздердің жетістіктеріңізбен мақтанамыз!
Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырып, жылы қабылдау көрсеткені, қызықты шеберлік сағаттарын өткізгені және оқушыларға өзін нағыз кәсіпқой ретінде сезінуге мүмкіндік бергені үшін колледж оқытушылары мен ұйымдастырушыларына шынайы алғысымызды білдіреміз!