Текст
Бозайғыр (2007 ж. дейін – Елизаветинка[1]) — Ақмола облысы Шортанды ауданындағы ауыл, Бозайғыр ауылдық округі орталығы. Іргесі 1890 жылы қаланған.
Бозайғыр ауылы жағасы жайсаң, құмды, балық аулауға жарамды Бозайғыр көлінің жанында орналасқан.Алғашқы атауы - Викторовское, 2007 жылға дейін Елизаветинка деп аталған.
Аулыдың жанынан (1,5 км) "Астана-Петропавловск" А1 автобаны және (3 км)"Алматы-Петропавловск" темір жолы өтіп жатыр. 3 шақырым жерде Төңкеріс станциясы орналасқан.
Бозайғыр ауылы Астана қаласынан 33 шақырымда орналасқан.