«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бозайғыр ауылыны жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы 2022 жылғы қызметі туралы есебі
Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру - бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттырудың маңызды аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бозайғыр ауылыны жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік орган болып табылады.
Мемлекеттік мекеме 4 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны- электронды (ішінара автоматтындырылған), қағаз түрде.
2022 жылы 61 -қызмет көрсетілді, оның ішінді 60 - ақпараттық жүйе арқылы, 1- қағаз түрде көрсетілді.
2. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау».
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны- электронды (ішінара автоматтындырылған/қағаз түрде көрсетіледі.
2022 жылы –1 қызмет Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ арқылы көрсетілді.
3. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны- электронды (ішінара автоматтындырылған), қағаз түрде.
2022 жылы 59-қызмет көрсетілді, оның ішінді 52 қызмет ақпараттық жүйе арқылы, 7 қызмет – мемлекеттік мекеме арқылы қағаз түрінде көрсетілді.
4. «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру».
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін негізде көрсетіледі
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны-электрондық (ішінара автоматтандырылған).
2022 жылы 1 қызмет -«еs.iac.kz» ақпараттық жүйесі арқылы түскен.
Байланыс ақпараты:
Бозайғыр ауылы Бейбітшілік көшесі 5А, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бозайғыр ауылыны жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, телефон нөмірлері: 8 (71631) 25-6-69, электрондық мекенжайы: akm_elizavetinka@mail.ru
Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін жүзеге асырылады..
Мектеп директорының м.а Сулекеева А.К.