«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Бозайгыр отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бейнелеу сабағы Сиқырлы орман

17.01.2017

Сабақтың тақырыбы: Сиқырлы орман

Сабақтың мақсаты:Граттографиямен сурет сала алады, сала отырып бір-біріне

сыни ойлау арқылы өз көзқарастарын білдіре алады. Табиғат сұлулығын танып,

қорғай алады.

Көрнекілігі:  суреттер

Әдіс-тәсілі: әңгімелеу, практикалық

      Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру: Психологиялық ахуал туғызу. Топқа бөлу

Қ.О     Ілулі тұрған сұраққа жауап жазу

Жаңа сабақ

Өткен сабақта бояған суреттерін тарату.

Балауыз шаммен, гуашпен бояту.

  Суретпен жұмыс

Не көріп тұрсыңдар?

ЖҰБЫҢМЕН БӨЛІС

Топқа сал

Ортақ шешімдеріңді сыныппен бөлісіңдер

1)      Тірі табиғат туралы сұрақ-жауап

Топта пікір талас

2)      Оны қорғау ерекшелігі жайлы әңгіме

Менің дайындаған қағазыма сурет салу

3)      Күз мезгілі, табиғат өзгерісі жайлы алғы сөз

Көрме ұйымдастыру

Сергіту сәті                                          

«Ара»

Бағалау критерии құру

4)      Ағаш суретін салу

3.Сабақты бекіту:

Жеке жұмыстарына уақыт бөлу

Көрме ұйымдастыру

 5 .Сабақты қорыту:

Сабақта жасап көргеніміздей  тырнап салу  сондай керемет әсер қалдыратынын айту.

5.Бағалау : ОүБ

және ОБ

Кері байланыс.

Үйге тапсырма:

Суретті аяқтау алма салу.

 

 

 

 

Осы сабақта қолданылған

технологиялар туралы рефлексивті есеп

                Кез келген сабақ бір сарынды өтпес үшін жаңа және сол сабаққа лайықты

технологияларды қолданамын. 2012 жылы СТО технологиясымен жұмыс жүргіздім. Өзім

Кембриж бағдарламасын 2015 жылы аяқтап келгеннен кейін сабағымды көбінде 7

модульді ықпалдастыра отырып сабақ берем.Қазіргі кезде ақпарат көзі мұғалім

емес, керсінше бала өзі табуы керек. Жаңа технологияға сүйеніп сабақ

өтсе,оқушылардың пәнге деген қызығушылығы арта түседі.Сабақта мұғалім бағыт

берушімін деп санау керек. Жаңа сабақты оқушыларға әр түрлі әдіс арқылы

өздеріне ашқызу.           Мұғалімнің

міндеті – заман талабына сай білімді, ұлтжанды, адамгершілігі жоғары,

кез-келген жағдайда жол таба білуге бейім, отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу. Білім

беру сапасын  жақсарту мақсатында сын

тұрғысынан ойлау модулін өз сабағымда  жиі қолданамын.  Сын тұрғысынан ойлау модулі оқушының еркін

сөйлеуіне, сыни тұрғыдан ойлануға үйретеді,  

достарының ойын  тыңдауға,

проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге бағытталған модуль. Сын

тұрғысынан ойлату арқылы - ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің

ойына сыни қарап естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап,

жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен

және бірлесіп жұмыс жасауға үйрету үстіндемін. Мақсатқа жетуге оқушының өзі

арқылы іске асатынын және SMART мақсатты нақ қоя білу.Сын тұрғысынан ойлау

сынау емес, шындалған ойлау. Оқушылардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған

жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге

жететінін байқадым. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын

қалыптастырады.

           Бұл 7 модуль

оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы

педагогикалық қызметтің, іс - әрекеттің жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде

оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал оқушы белсенділігін арттыру оны

шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық қабілет баланың  табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз

оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашып көрсету. Сабақта жаңа

технологияны қолдану  оқушыларды тек жан

- жақты дамытып қоймай, шығармашылық қабілеттері, түсіну сезімдерін арттырып,

оқушының сауатты жазу, мәнерлеп оқу, мағыналы сөйлеу, өлең шығару, эссе жазу

тағы да басқа көптеген қасиеттері дамып қалыптасады. Жалпы сабақ беріп отырғанда

білім мазмұнында біліктілікті, ақпаратты болжау қабілеттерін  және қойылған міндетті шығармашылықпен

дамытуға көңіл бөліп отырамын.

        Үшінші деңгейлікте  өтетін сабақтың нәтижесі:

      -Оқушылар

өздерін-өздері басқара алады.

-Топта жұмыс істеуге үйренеді.

-Бірін -бірі тыңдайды.

-Көшбасшылықты анықтау

-Оқушы өзін және критерии арқылы басқаның жұмысын бағалай

алуы.

-Деңгейлік тапсырма беру. Дарынды оқушымен жұмыс айқын

көрінеді

-Оқушының сөздік қоры көбейеді

Просмотров: 515


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст