3 «Б» сыныбында өткізілген ашық
сабақтар мен іс шаралар туралы
Мен, Закириш Гулмайра 3 «б» сыныбында ашық сабақ
өткіздім. Сабақ математика пәні бойынша «Заттың бағасы. Саны. Құны» тақырыбында
болды. Оқушылар заттың бағасы, саны құны туралы білім қалыптастырып, алған
білімдерін өмірмен байланыстырды.
Сабақтың қызығушылық кезеңінде «Дүкен» ойынын ойнай отырып, заттың бағасы мен саны белгілі болса құнын қалай табу
керектігіне өздері тұжырым жасап, формула құрастырды. Әр топ берілген
тапсырманы жеке, жұппен орындай отырып ортаға шығып қорғады. Барлық топ сабаққа
белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды өте белсенді орындады. Мұнда әр топқа кесте берілді . Сол кестелерді
орындай отырып, өз ойларын дәлелдеп түсіндірді.
Бағасы |
Саны |
Құны |
5 теңге |
4 дана |
? теңге |
5 теғге |
6 дана |
? теңге |
5 теңге |
7 дана |
? теңге |
5 теңге |
8 дана |
? теңге |
Ереже шығарып айтты.
Қ=Б●С Ереже:
Заттың құнын табу үшін заттың бағасын заттың санына көбейту керек.
2-топ №3
Бағасы |
Саны |
Құны |
8 теңге |
? дана |
24 теңге |
8 теңге |
? дана |
32 теңге |
8 теңге |
? дана |
40 теңге |
8 теңге |
? дана |
48 теңге |
Ереже шығарып айту
С=Қ:Б Ереже: Заттың
санын табу үшін заттың құнын
бағасына
бөлу керек.
3-топ №4
Бағасы |
Саны |
Құны |
? теңге |
4 дана |
20 теңге |
? теңге |
4 дана |
28 теңге |
? теңге |
4 дана |
32 теңге |
? теңге |
4 дана |
36 теңге |
Ереже шығарып айту
Б=Қ:С Ереже: Заттың
бағасын табу үшін заттың құнын
заттың санына бөлу керек. Ойтолғаныс кезеңінде 3 топқа үш түрлі тапсырма
бердім. М: Сенің қолыңда 100 теңге ақшаң бар. Сен дүкенге барып оған не сатып
алар едің? Сен қандай әрекет жасадың? 2.1дәптер 20 теңге тұрады. Сен 100
теңгеге неше дәптер сатып аласың?
Заттың санын табу үшін не істедің?
3. Сен бағасы 20
теңге тұратын 3 қалам сатып алдың. Сен оған неше теңге төледің? Заттың құнын
табу үшін не істедің? –деген тапсырмалар беру арқылы білімдерін қорытындылады. Топбасшысы критерии бойынша
бағалады. Барлық оқушы өтежақсы, жақсы деген баға алды. Сабақ соңында кері
байланыс жасалды. Бүгінгі сабақта не
үйрендің ? Не қиын болды? Не оңайырақ болды?
Смайликтерге бүгінгі сабақтағы көңіл-күйлері туралы жазып жабыстырды. Барлық оқушыға сабақ ұнады.
Сабақта көңіл-күйлері өте жақсы болды.
Мектепішілік «Биле,
биле» атты байқауға қатысып, ІІ орын
иеленіп мақтау қағазымен марапатталдық және 8-наурыз халықаралық әйелдер
мерекесіне орай «Көктем аруы-2017» байқауына сыныбымыздан Әлімхан Назерке
қатысып, «Әнші қыз»номинациясы бойынша мақтау қағазымен марапатталды. Сыныптың
аналарына арнап «Ана-гүл, ана-өмір шуағы»
атты ашық тәрбие сабағын өткізіп, аналарымызға оқушылар өз қолдарынан
жасаған гүлдерін тарту етті. 22-наурыз-Ұлыстың ұлы күні мерекесіне менің
сыныбым жауаптанып 3 кезеңге мерекелік ертеңгілік өткіздік. Барлық бастауыш
сыныптары өте жақсы деңгейде өнер көрсетіп, ата-аналардың алғысына бөлендік.
Мерекенің соңы дастарқанға ұласып, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты.
Жазған : Закириш Гулмайр