«Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Бозайгыр отдела образования по Шортандинскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

07.12.2017

 

Бозайғыр орта мектебінде «Рухану жаңғыру» бағдарламасы қарсаңында тұңғыш

Президент күніне арналған іс – шаралар жоспары бекітіліп, ауқымды іс – шаралар

атқарылды.

20 қараша күні 1 – 4 сыныптарда «Біздің Президент – ұлт көсемі» , 5– 11 сыныптарда «Елбасы күні – елдікке құрмет» тақырыбында сынып сағаттары өтілсе, мектеп кітапханашысы Тлеубаева Толқын «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Оқушылар елбасымыздың «Тарих толқынында», «Бейбітшілік кіндігі», «Сындаррлы он жыл» атты еңбектерімен таныса отырып, көптеген мағлұматтар алды.

21 қараша күні қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бөтей Мұрат 6 – 8 сынып оқушылары арасында «Елбасы – кемеңгер көшбасшы» тақырыбында шығарма сайысын өткізіп, үздік деп танылған 7 «А» сынып оқушысы Бекен Жандос, 6 «А» сынып оқушысы Нургазина Еңілік, 8 «А» сынып оқушысы

Нұрбек Айгерім сынды оқушылардың шығармалары аудандық «Өрлеу» газетке жарияланды.

22 қараша күні орыс тілі пәні мұғалімі Сүлекеева Аягөз Қаппасовна 5 «А», 5 «Б» сынып оқушылары арасында «Алғыр алтау» интелектуальды ойынын өткізіп, оқушылар өте жақсы нәтиже көрсетіп Сапиеева Томирис пен Тілеген Нұртілек 1 –орынға иеленді.Осы күні еңбек пәнінің мұғалімі жас маман Рысбек Абылай «Бояулар құпиясы» атты өзінің жеке көрмесін ұйымдастырды.

23 қараша күні Рахымова Динара Марсовна  6 – 7 сыныптарда «Елімнің шежірелі байлығы» тақырыбымен географиялық ашық сабағын өткізсе, тарих пәні мұғалімі Алпамыс Серуен 9 – 11 сыныптарда «Елбасының елді дамытудағы 100 нақты қадамы» бағдарламасы тақырыбында дөңгелек үстел өткізіп, оқушылар өз ойларын ортаға салды, осы дөңгелек үстелде латын әліппесіне көшу төңірегінде

оқушыларымызда өз ойларын айтып жатты.

24 қараша күні мектеп тәлімгері Каумбаева Мария 1 – 4 сынып оқушылары арасында «Әнші балапан» сайысын өткізіп, 1 – орынды 4 «Б» сынып оқушысы Хайрамбек Азиза, 2 – орынды Бекен Мөлдір мен Ертісбай Айерке , 3 – орынды Бодаубай Аружан иеленді. Осы күні мектебімізде «Жомарт жүрек» қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылып, одан түскен қаржымен аз қамтылған отбасы оқушыларын оқу – құралдармен қамтамасыз еттік.

27 қараша күні 1 – 4 сынып оқушылары арасында мектеп тәлімгері «Менің Қазақстаным – менің

мақтанышым» тақырыбында сурет көрмесін ұйымдастырып 4 «Б» сынып оқушысы Бодаубай Аружан, 4 «Б» сынып оқушысы Әлімхан Назерке, 4 «А» сынып оқушысы Рахымжан Акмаржан, 4 «Б» сынып оқушысы Елтай Мухамет секілді оқушылардың суреттері үздік деп танылды. Және осы күні жас маман ән – күй пәнінің мұғалімі Сүндетбай Бауыржан 5 – 11 сынып оқушыларының арасында « Астана – елімнің

жүрегі» ән байқаун өткізіп 1 орынды 9 «а» сынып оқушысы Имангалиева Жеңісгул, 2 орынды 7 «А» сынып оқушысы Еділхан Нұрбол мен 5 « А» сынып оқушысы Байдулаева Алтынай, 3 – орынды 5 «Б» сынып оқушысы Беседина Карина мен 6 «А» сыныбының қыздар тобы иеленді.

28 қараша күні жас маман Хасара Мейрамгул 5 «А» сыныбында «Президент – ғасыр адамы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізсе, тарих пәні мұғалімі Сабиеев Кенжеғара мұғалімдер

арасында «Не? , Қайда?, Қашан?» интелектуальды ойынын өткізді.

29 қараша күні Дене шынықтыру пәні мұғалімдері Аяпберген Нұрлыбек Шұқитұлы мен Бөтей Хуанышбек мұғалімдер арасында волейбол өткізді. Ойынға Шортанды №3, Төңкеріс, Күлшін, АТК

№ 5  колледжі және Бозайғыр орта мектептерінен командалар қатысып, нәтижесінде АТК №5 1  - орынды, Төңкеріс негізгі мектебі 2 –орынды, Шортанды №3 мектебі 3 – орынды иеленді. Мектебіміздің жас маманы Мерей Бекзат мектеп мұғалімдерінің арасында «Жақсы кітап – жан азығы» тақырыбымен

буккроссинг өткізіп әрбір мұғалім өздері мектеп кітапханасына өз қолтаңбаларымен естелікке кітап тарту етті, бұл ізгі бастама аптаның аяғына дейін жалғасын тапты.

Міне, мектебімізде тұңғыш Президент күні қарсаңында өтілген іс –шаралардың

легі осындай, алдағы уақытта да жақсы іс – шаралар өз жалғасын табады.

 

 

Сауытова

Рысбике Қанафияқызы

Тәрбие

ісінің меңгерушісі

Бозайғыр

орта мектебі

 

 

Просмотров: 436


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст