Бүгін 2019 жылдың 22 ақпан күні Бозайғыр орта мектебінің оқушылары Кулинич Валерия, Макарушко Евгений ,Мұрат Жанерке, Болтай Айгуль және олардың жетекшілері Хамзина Гульчетай Турсыновна (тарих мұғалімі), Елдес Айзада (тәлімгер) Научный кентінде өткен Жастар жылы аясында "Жас ұлан" ББЖҰ оқушылар арасындағы аудандық пікірталас сайысына қатысты. Пікірталастың тақырыбы жастар, жастардың қызығушылығы, жастардың мәселесі жөнінде өрбіді. Мектебіміздің 9 сынып оқушылары Кулинич Валерия және Макарушко Евгений өздерін жақсы қырынан көрсетіп, саналы ой мен сапалы сөздің арқасында II орынға ие болды. Жеңімпаздар және олардың жетекшілері дипломмен, алғыс хаттармен марапатталды. Құттықтаймыз!!!